Әбжапар Жылқышиев ауылы, Сарыбай Ақүрпек көшесі, 42А
+7726 31 51232
akyzyltu@mail.kz

Мектеп тарихы

Мектеп – болашақ негізін қалыптастыратын, ел мерейін асқақтатып, тұлғалар баптайтын құтты мекен, алтын ұя,  — деп дана халқымыз айтқандай  әр мектептің өз тағдыры, өз тарихы болады.  Осындай ордалы білім ұясының бірі де бірегейі — №4 шағын орталықты орта мектебі.  Мектептің алғашқы ғимараты  1954 жылы салынған. Ол  жылдары   мектепке Қызыл ту  бастауыш  мектебі деген атау берді.  Мектеп  4 сыныптық бастауыш мектеп болып құрылды. Сол жылдары мектепте Омаров Ысқақ, Сейітқасымов Сұраныш, Танабеков Әздан  атты ұстаздар қызмет еткен.

1968-1990 жылдар аралығында Қарабаев Үмітберген, Сейітқасымов Сұраныш, 1977-1990 жылдар аралығында Қожамқұлов Бағира атты  білікті ұстаздар  шәкірт тәрбиелеп, қызмет атқарған.

1990 жылы 15 тамызда  Қызыл ту мектебіне Абумансурова Төлжан бастауыш мектеп директоры болып келді. Сол кісінің ізденіп, басшылық жасауымен 1997 жылы 27 тамызда бастауыш мектеп негізінде негізгі мектеп болып  құрылып, мектеп директоры болып Абумансурова Төлжан тағайындалды.

2000 жылы 1 қыркүйекте Қызыл ту орта мектебі 11 жылдық мектеп болып ашылып , директор болып Абумансурова Төлжан тағайындалды. Мектепте 20 дан астам ұстаз шәкірт тәрбиеледі.

2003 жылы Әбжапар Жылқышиев балаларының демеушілігімен  жаңа ғимарат бой көтерді.  Жаңа ғимаратта 35 мұғалім ,15 кіші қызметкер жұмыс атқарды.

2013 жылы тамыз айында мектеп директоры қызметіне Примкулова Айман Баймұратқызы келді.

2016 жылы Тұңғыш елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 мектеп,100 аурухана» бағдарламасы аясында  үлкен жаңа ғимарат бой көтерді.

2021 жылы 14 қаңтарда Қызыл ту орта мектебі   №4 шағын орталықты орта мектебі болып өзгертілді. 2024 жылдың қыркүйек айынан Примкулова Айман Баймұратовнаның директорлықтан бас тартуына байланысты  директорлық  қызметті Кантемирова Динара Сабековна атқаруда.

Қазіргі таңда мектебімізде   153  оқушы білім алып, 33  ұзтаз , 26  кіші қызметкер еңбек етуде.